ОҚО ақпараттық технологияларды қолдану саласында кореялық компанияларымен ынмақтаспақшы

1017

ОҚО ақпараттық технологияларды қолдану саласында кореялық компанияларымен ынмақтаспақшы

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев "Samsung electronics Central Eurasia", "Smart-EX" компания өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тараптар жиында  ақпараттық технологияларды жергілікті атқарушы органдарда қолдану мәселелері мен мобильді құрылғылардың ақпараттық қауіпсіздігі жайын талқылады.

Кездесуде "Samsung electronics Central Eurasia" компаниясы бас директорының орынбасары Дон Кун Канг "Smart Ontustik" жобасын дамытуға қызығушылық танытып, серіктес болуға дайын екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, жиында "Smart-EX" компаниясы мобильді құрылғыларды денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіп пен білім беру салаларында қолдану бойынша  жобаны таныстырды. Айта кетейік, бүгінгі күні аталған компания Маңғыстау облысында қоғамдық тәртіп саласында пилоттық жобасын жүзеге асыруда.

Озық технологияларды жергілікті атқарушы органдардың қызметінде тиімді пайдалану қазіргі заман талабы екенін айтқан өңір басшысы мемлекеттік органдарда мобильді құрылғылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Айта кетейік, әлемдік деңгейде соңғы үлгідегі технологиялар жасайтын және ақпараттық жүйелер ұсынатын компания осы жылы елордамыз Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" көрмесінде келуші қонақтарды саладағы тың жаңалықтарымен таң қалдырмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу