ОҚО Астанаға 262 тонна көкөніс жөнелтті

526

ОҚО Астанаға 262 тонна көкөніс жөнелтті

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Осыған орай өңірдегі шаруалар құны 135,6 млн теңгенің 262 тонна көкөніс керуенін Астанаға жөнелтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде жылқы еті – 22 тонна, күрке тауық еті – 15 тонна, ұн өнімдері – 10 тонна, қызанақ – 71 тонна, қияр – 71 тонна, сүт өнімдері – 7 тонна, шұжық өнімдері – 3 тонна, балық өнімдері – 3 тонна, қымыран – 1 тонна, 10 мың дана жұмыртқа бар.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы ЭКСПО көрмесі аясында 6 рет жәрмеңке өткізеді. Осы аралықта Оңтүстіктің шаруалары ауыл шаруашылығы өнімдерінің 28 түрінен 12 мың 976 тонна тауар жөнелтеді. Бұл мақсатта облыстан 35 ірі және қосалқы шаруа қожалығы мен кәсіпорны іріктеп алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу