ОҚО-да "Домалақ ана" кесенесі жанынан қонақ үй кешені ашылды

1318

ОҚО-да "Домалақ ана" кесенесі жанынан қонақ үй кешені ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданындағы "Домалақ ана" кесенесі жанынан жаңа қонақ үй кешені пайдалануға берілді.  Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, лентасын қиды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында Қазақстанның киелі жерлерінің картасын әзірлеу тапсырылған болатын. Аталған жоба аясында өңіріміздегі бірқатар қасиетті жерлерді жаңғырту, қайта қалпына келтіру шаралары қолға алынды. Солардың бірі - "Домалақ ана" кесенесі бүгін қайта жаңғырып, келушілерге жаңа қонақ үй кешенін ұсынып отыр. Жалпы қазақ халқы үшін Домалақ ананың орны бөлек. Ендеше, жаңа кешен, кесененің жаңғыруы құтты болсын!", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кешенде зиярат етушілерге барлық жағдай жасалған. Онда қонақтарға арналған жатын бөлмелер, асхана, киіз үй пішіндес орындықтар мен өзге де тұрмыстық ғимараттар бар. Қонақ үйді аралап көрген өңір басшысы алдағы уақытта "Домалақ ана" кесенесіне зиярат етушілердің қатары арта түсетініне сенім білдірді.        

Айта кетейік, Қазақстанның киелі жерлерінің картасы жобасы аясында ОҚО-да 104 киелі орынның тізімі жасақталған болатын. Оның 17-і республикалық маңызы бар тізімге енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу