Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығында "IT PARK" жас программистер мектебі ашылды, деп хабарлайды ernur.kz.
"Бұл "IT park"-тың басты мақсаты – облыс жастарының цифрлық сауатын арттыру. Одан бөлек, егер осы мектепті оқып бітірген жастар жобасын ұсынып жатса, біздің тарапымыздан қаржылай қолдау көрсетуге дайынбыз",-дейді жоба үйлестірушісі Азиз Есжанов.
Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар мен талап білдірген 14-29 жас арасындағы 700-ге жуық жас аталған мектепке оқуға өтініш білдірген. Алдағы уақытта жобаға қатысушыларды 4 кезең бойынша іріктеп, үздік 25 оқушыны қалдыратын болады. Бұл оқушылар 3 айлық арнайы курсты тегін оқиды. Курста модельдеу, сматрфондарға арналған қосымшаларды іске қосу, сайт ашу т.б сабақтар бойынша білімін жетілдірмек.
Жоба үйлестірушінің айтуынша, бүгінде 5 мобильді қосымша әзірленген. Олар жақын күндері смартфондарға арналған сатылым алаңына енетін болады. Жыл соңына дейін жалпы 10 жоба әзірлеу жоспарланған.