ОҚО-да "Нұрлы жол" бағдарламасымен 66 тұрғын үй тапсырылады

656

ОҚО-да "Нұрлы жол" бағдарламасымен 66 тұрғын үй тапсырылады

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ОҚО-дағы филиалының директоры Қасымбек Мәліков мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, облыста мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасы екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншісі – жергілікті әкімдік арқылы салынатын үйлер болса, екіншісі – "Бәйтерек Девелопмент" акционерлік қоғамы арқылы салынатын тұрғын үйлер.

"Мәселен осы жылы әкімдік арқылы жалпы аумағы 31,6 мың шаршы метр болатын 558 пәтерлі көпқабатты 11 үй тапсырылады. Ал "Бәйтерек Девелопмент" акционерлік қоғамы бойынша 180 мыңнан астам шаршы метр баспана тапсырылмақ. Ол 3086 пәтерлі 55 үй. Сөйтіп 2018 жылға дейін "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында банк желісімен облыста 226,2 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек", – дейді Қасымбек Мәліков.

Сонымен қатар ол биылдан бастап мемлекеттің барлық тұрғын үй бастамалары "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жүзе асатынын айтып өтті. Бұл бағдарлама 5 негізгі бағытта жүзеге асырылады. Оның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кредиттік баспана бағытын жүзеге асырады және жеке тұрғын үй құрылысын несиелендіретінін жеткізді.

Брифингте мәлім болғанындай, осы жылдың 3 сәуірінен бастап директорлар кеңесінің шешімімен тұрғын үй құрылысы жинақтары шартын жасағаны үшін және шартты соманы арттыру үшін алынатын комиссия 0 теңге болып бекітілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын бұл қызметтер үшін алынатын комиссия – шартты соманы және депозитті арттыру сомасының 0,55%-ы еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу