ОҚО-да 2017 жылғы қаңтар-тамызда 1526 нысан, оның ішінде жалпы алаңы 608 мың шаршы метр болатын 1452 жаңа ғимарат пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.
Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, ұйымдар және халықпен 400,3 мың шаршы метрлік 1343 тұрғын үй іске қосылды, бұл 2016 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 124,3%.
Тұрғын үй құрылысына 28248 млн теңге инвестиция жұмсалды, бұл 2016 жылғы қаңтар-тамызға 130,3%.
Облыста тұрғын үй құрылысы негізінен жеке меншікті қаражат есебінен іске асырылған. 2017 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысы жалпы алаңының 1 шаршы метр құрылыстың орташа нақты шығындары 90 мың теңгені құрады немесе 2016 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 110,9%.
Есепті айда іске қосылған тұрғын үйлер жалпы алаңының едәуір өсуі Арыста (93,5%-ға), Түркістанда (86,5%-ға) және Ордабасы (90,3%-ға) ауданында байқалды.