ОҚО-да 1 мыңнан аса адамды кене шаққан

856

ОҚО-да 1 мыңнан аса адамды кене шаққан

Күнгейде кене шаққандардың саны 1 018 адамға жетті. Өткен жылға қарағанда, биыл жәндік шаққанына шағымданғандар екі есе көп болып отыр. Ветеринар дәрігерлер 1 сәуірден бастап қырым қанды қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр, тек жауын-шашынды ауа райы жұмысты жылдамдатуға мұрша берер емес, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкент қаласының тұрғындары кенеге таланудан облыс бойынша көш басында тұр. Өткен жылдың осы мезгілінде 122 кісі кене шақты деп шағымданса, биыл ол 323 адамға бірақ жетіпті.

Екінші орында Түркістан, онда 170 адамды кене шаққан. Сала мамандарының айтуынша кенені түпкілікті жойып жіберу мүмкін емес, бірақ залалсыздандыру науқанын сапалы өткізсе, оң нәтиже береді. Оның үстіне тұрғындарда да сақтық инстингі күшті дейді.

Қазір облыс бойынша 4 миллионнан астам ұсақ, 1 миллионнан астам ірі қара мен 11 млн шаршы метрге жуық қора-қопсы қырым қанды қызбасына қарсы дәріленеді деп жоспарланып отыр. Ол үшін бюджеттен қаражат бөлінген. Ауа райының қолайсыздығынан науқанның созылатын түрі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу