ОҚО-да 100 гектар бидай алқабы күлге айналды

1130

ОҚО-да 100 гектар бидай алқабы күлге айналды

ОҚО-да аптап ыстыққа байланысты өрт шығу оқиғалары жиіледі. Бәйдібек ауданы Екпінді ауылының маңындағы жайылымдық алқапта тұтанған өрт егіскке де өткен, деп хабарлайды  ОҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құрғап тұрған шөп арқылы жалғанып пісіп тұрған егістікке өткен тілсіз жау 100 гектар астықты түгелдей өртеп жіберді. Аптапты ыстықта қураған шөптен шыққан оттың бұлайша тез таралуына ұйытқи соққан желдің де әсері болған. Өртті өшіруге 4 арнайы техника мен 22 өрт сөндіруші барған. Көмекке ауыл азаматтары да келген.

Көпшілік түс мезгілінде ұштанған тілсіз жауды жабылып жүріп, сағат 18:00 шамасында әзер дегенде өшіріп алған. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Қазір тілсіз жаудың шығу себебі мен ол келтірген шығын көлемі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу