ОҚО-да 100 мыңға жуық көпбалалы ана бар

757

ОҚО-да 100 мыңға жуық көпбалалы ана бар

Бүгін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев қыз-келіншектер мен аяулы аналарды "8 наурыз – халықаралық әйелдер күні" мерекесімен құттықтады. Мейрам қарсаңында бұрымдылардың құрметіне "Әйел – ана – өмірдің өзегі" атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

"Құрметті, ардақты аналар мен аяулы арулар! Сіздерді төл мерекелереңізбен шын жүректен құттықтаймын! Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Елімізде көпбалалы аналар саны бойынша өңіріміз көш бастап тұр. Бүгінде облыста көп балалы аналарымыз 98 600-ден асты. Олардың 3998-і "Батыр аналар", 16361-і "Алтын алқа", 42 724-і "Күміс алқа" иегері. Ал, 6906 ана І-ші және ІІ-ші дәрежелі "Ана Даңқы" орденімен марапатталған. Елдің өсіп, өркендеуіне ерекше үлес қосып отырған жандар қашанда аман болсын", – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мерекелік жиында аймақ басшысы үйдің де, түздің жұмысын қатар алып, қоғамда айрықша белсенділігімен көзге түсіп жүрген 33 әйел азаматын марапаттады. Оның 5-не "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісі берілсе, 14-не Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасын, 9-ы облыс әкімінің Алғыс хатын алды. Ал, 5 ананың кеудесіне "Алтын алқа" төсбелгісі тағылды. Сондай-ақ, әкім салтанатты шараға келген басқа да әйелдерге сый-сияпат жасады.

Айта кетейік, облыс көлемінде айтулы датаға орай 360 мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Бұл күні ыстық лебізін білдірген аймақ басшысының атынан қосымша көп балалы аналарға, соғыс және еңбек ардагері атанған нәзік жандыларға, жалпы саны 300-ден астам азаматшаға сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу