ОҚО-да 11 мыңға жуық пәтер салынып жатыр

787

ОҚО-да 11 мыңға жуық пәтер салынып жатыр

2017 жылы облыс аумағында 209 әлеуметтiк нысан құрылысы бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуына 64,9 млрд теңге қаралды. Сондай-ақ, жыл соңына дейiн 116 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Ұлттық қордан – "Нұрлы жол" мемлекеттiк бағдарламасы аясында 32 мектеп құрылысын жүргiзуге 17,4 млрд теңге бөлiнсе, 2016 жылдан өтпелi 19 мектептi биыл пайдалануға беру жоспарланып, бүгiнгi күнге 5 мектеп тапсырылды, деп хабарлайды ОҚО әкiмiнiң баспасөз қызметi.

Тұрғын үй құрылысы дамуының негiзгi факторы – құрылысқа инвестициялық қаржылардың көптеп бағытталуы болып табылады. Баспанамен қамтамасыз ету – халықтың тұрмыс деңгейi дамуының негiзгi көрсеткiшi. 2017 жылы барлық қаржыландыру көздерi арқылы 226 тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлуде. Бұл дегенiңiз 10 879 пәтер. Жыл соңына дейiн 115 үйдi (6375 пәтер) пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 2017 жылдың жетi айында ОҚО аумағында 348,0 мың ш.м. (3154 пәтер) тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, өткен жылдың осы мерзiмiмен салыстырғанда 115,%-ға орындалды. 2017 жылдың жоспары – 550,6 мың ш.м. тұрғын үйдi аяқтау жоспарланса, жыл қорытындысымен 700 мың ш.м. пайдалануға тапсырылады деп күтiлуде.

 Жол құрылысы саласын дамытуға 2017 жылы бюджеттен 29 млрд 445,7 млн. теңге қаралып, 584 нысан немесе 1 570 шақырым жол мен көше құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Облыстық және аудандық маңызы бар 801,8 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, жыл соңына дейiн 115,4 шақырым жол құрылысы  аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу