ОҚО-да 20 елдімекенде қызметтік тұрғын үйдің құрылысы басталды

839

ОҚО-да 20 елдімекенде қызметтік тұрғын үйдің құрылысы басталды

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың тікелей бастамасы бойынша биыл өңірде 20 қызметтік тұрғын үйдің құрылысы басталмақ.  "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасымен салынатын тұрғын үйлер өңірдегі тоғыз ауданның 20 елдімекенінде бой көтеретін болады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Он пәтерден болатын екі қабатты типтік үлгідегі тұрғын үйлердің құрылысы бірінші жартыжылдықта аяқталады деп жоспарлануда. Бұл мақсаттағы тұрғын үйлерге облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Аталған баспаналар мұғалімдер мен медицина және жергілікті полиция қызметкерлеріне, тағы басқа да бюджет саласында еңбек ететін азаматтарға үлестірілмек.
Еске салсақ, өткен жылы аймақ басшысы жаңа оқу жылы басталған уақытта мұғалімдер мен медицина саласының қызметкерлерін қызметтік пәтермен қамту үшін барлық аудан, қалалардан типтік үлгідегі тұрғын үйлер салуды қолға алуды тапсырған болатын. Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруді құрылыс басқармасына жүктеген.
Бүгінде жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, басқарма тарапынан тиісті жұмыс атқарылуда.

Айта кетейік, аталған тұрғын үйлер аудан мен қаладағы 20 елді мекенде, яғни, Түлкібаста -3, Төлебиде -1, Отырар -2, Бәйдібек -2, Шардара -2, Созақта -2 және Арыста -2, Кентауда -3, Түркістанда -3-еуі салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу