ОҚО-да 22 тарихи орынға QR-код тақтайша орнатылды

1185

ОҚО-да 22 тарихи орынға QR-код тақтайша орнатылды

Оңтүстік  Қазақстан облысына келген қонақтар енді аймақтағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен табиғи ландшафтары жайлы ақпаратты ғаламтордан еш қиындықсыз таба алады. Себебі, облысқа саяхаттап келген туристерді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында  өңірдегі 22 нысанға QR-код тақтайшалары орнатылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

QR-код  тақтайшалары орнатылған киелі, тарихи нысандардың тізіміне Ақбура кесенесі,  "Сайрам-өгем" ұлттық табиғи паркі, Отырар және Сауран қалашықтары, "Қаратау" мемлекеттік табиғи қорығы, Ақ мешіт әулие үңгірі, Ақсу-Жабағылы қорығы, Исмаил ата кесенесі, "Кеме қалған" монументі, Арыстан баб және Баба түкті шашты Әзіз, Бәйдібек ата және Домалақ ана, Гаухар ана мен Ибрагим ата, Қарабура кесенелері, "Қызыр Пайғамбар" мұнарасы, Қарашаш ана мен Қожа Ахмет Яссауи, Үкаш ата мен Аппақ Ишан, Ысқақ баб кесенелері енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу