ОҚО-да 2550 көпбалалы ана алтын мен күмістен алқа тақты

1062

ОҚО-да 2550 көпбалалы ана алтын мен күмістен алқа тақты

Оңтүстік Қазақстан облысында көп балалы аналардың саны жылдан жылға артып келеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен 2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, өңірде халқымыздың демографиясына үлес қосып жүрген аналардың саны 169198-ге жетті. Оның ішінде 6193 батыр ана болса, 25482 ана "алтын алқа", 34744 әйел "күміс алқа" иегері. Ал 8878 ана І-ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордені иегері, 93901 азаматша 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналардың қатарын толықтырған.

2016 жылы облыстағы көп балалы 479 ана "алтын алқа", 2071 ана "күміс алқа" тақты. Айта кету керек, бұл 2015 жылмен (150327) салыстырғанда 18871-ге көп. Көшті бастап тұрған Шымкент қаласының тұрғындары.

Облыс орталығындағы аналардың қатары 35703. Шымкенттен кейінгі орында Сарыағаш пен Мақтаарал аудандары. Сарығашта 23793 алтын құрсақты ана болса, Мақтааралда 23239 ана көп балалы ретінде тіркелген.

Көп балалы аналар көшін Түркістан, Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Шардара, Түлкібас, Арыс, Бәйдібек, Отырар, Созақ аудандары мен Кентау қаласының алтын құрсақты аналары жалғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу