Оңтүстік Қазақстан облысын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Жергілікті билік жоспары бойынша, алдағы 3 жылда өңірдегі 500-ге жуық ауылға газ кіргізілмек. Ал биыл 57 елдімекен қамтылып отыр. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жалпы қазір облыста газдандырылған ауылдар саны 357-ге жетті деп хабарлады. Әзірге бюджеттен 14,1 млрд теңге жұмсалауға тиіс. Былтыр 25 аймаққа жылу жүйесі жүргізілген. Оған 13,7 млрд теңге қаржы шығындалды. Жалпы, соңғы 5 жылда Оңтүстік Қазақстан облысында 844 ауылдың 300-і табиғи газбен қамтылған. Жоспарға сәйкес, 2020 жылға қарай тағы 383 елдімекенді газдандырылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу