Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, құны 5 млн теңге тұратын сүт бекеттерінің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланған. Су жаңа бекеттер сүт сақтауға арналған танкер, арнайы зертхана, тоңазытқыштармен жабдықталған. Бұл өз кезегінде шаруалардың табасын еселеп қана қоймай, өңірдегі сүт өндірісін өркендетуге сеп болмақ.
"Жыл басында қолға алынған мамандандырылған көшпелі семинарлар бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. Түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарының арқасында өңірде 55 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары біріктірілген кооператив саны 596 - ға жетті. Осы көрсеткішке орай облысымыз республикада көш бастап отырғанын айта кеткен жөн", - деді Жансейіт Түймебаев.
Семинар барысында облыста сүт өндірісін дамыту жайы талқыланып, шараулар осы салаға бағытталған мемлекеттік қолдаулар мен жеңілдіктер жайлы пайдалы ақпарттар алды. Шаруалар тарапанынан қойылған сауалдарға қаржы ұйымдарының өкілдері мен сала мамандары тиісті жауаптарын беріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Сондай-ақ өңірде мемлекеттік қолдау көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Мәселен, биыл ауыл шаруашылығы саласын несиелендіруге республика бойынша 27 млрд теңге бөлінсе, соның 3,2 млрд теңгесі Оңтүстік Қазақстан облысына бағытталып отыр.
Бұдан бөлек, "Нәтижелі жұмыспен қамту" бағдарламасы және "ҚазАгро" АҚ ОҚО еншілес мекемелері арқылы шаруалар мен кооператив мүшелеріне түрлі бағдарламалар бойынша жылдық 6 пайызбен несиелер берілуде.
Бүгінгі күні мүшелер саны 20- дан жоғары кооперативтерде 33 сүт қабылдау бекеттері жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда сүт қабылдау бекеттеріне ауыл шаруашылығы арқылы 439 млн теңге инвестициялық субсидия берілген. Оның ішінде 18 сүт қабылдау бекетіне 50,8млн субсидия төленіп отыр.