ОҚО-да 46 мыңнан астам азамат уақытша тіркелген

966

ОҚО-да 46 мыңнан астам азамат уақытша тіркелген

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте ОҚО ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрдаулет Төлегенұлы мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері облыс көлемінде жалпы 64606 азаматқа жеке куәлік пен төлқұжат алуға бір нысанды арыз рәсімделген. Оның ішінде 22077 төлқұжат пен 41829 жеке куәлік дайындалды. Сонымен қатар облыста өткен мерзімде жалпы 75027 тұлға тұрақты, ал 46451 адам уақытша тіркелген.

"Қазақстан азаматтығына қабылдау жұмысы бойынша осы жылдың 3 айында облыста жат жерден атамекеніне қоныс аударуға бел буған 605 оралман тұрақты тіркелді. Сонымен қатар  облыстың ішкі істер органдарына Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы 875 адам арызданды. Қазақстан азаматтығына 1076 тұлғаны ОҚО ІІД КҚПБ жеңілдетілген тәртіппен қабылдады. Ал 301 тұлғаның азаматтыққа қатыстылығын анықтау жөніндегі өтініші қаралып, қанағаттандырылды", – дейді басқарма бастығы.

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанға алыс және жақын өзге мемлекеттен  79136 шетелдік азамат келіп, уақытша тіркелген. Мұның ішінде басым бөлігі турист болса, бірқатары инвестиция салып, кәсіпорын ашуға ниетті азамат.

Ал  4492 шетелдік азамат  жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуге рұқсат ресімдеу жөніінде облыстың көші-қон қызметіне өтініш білдірген.

Қала аудандық ішкі істер және мемлекеттік кіріс органдарымен салыстыру жұмысының нәтижесінде алынған мәліметке сүйенсек, еңбекші көшіп келушілерден жеке кіріс салығы бойынша бюджетке 34 млн 553 мың 87 теңге қаржы түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу