ОҚО-да 63 мың гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды

894

ОҚО-да 63 мың гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 жылдар ішінде жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 63,8 мың гектар жер аудан, қала әкімдігі тарапынан мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, түгендеу жұмыстары кезінде 5912 жер пайдаланушылардың 241 мың га жерлері пайдаланылмай жатқандығы анықталған.

"Есепті кезеңде 63,8 мың гектар жер аудан, қала әкімдігі тарапынан мемлекет меншігіне қайтарылса, 61,1 мың га жер қайта игеруге кірісті. Ал 5,24 мың га жер иесіз мүлік ретінде есепке қойылса, 27,1 мың га жер аудан әкімдігінің қарауындағы жерлер болып шыққан. Сондай-ақ, 83,8 мың га болатын жерлерге шара көру үшін облыстық жер инспекциясы басқармасының қарауына ұсынылды", - деді басқарма басшысы.

Брифингте мәлім болғандай облыстағы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында ауыл шаруашылығы жерлер конкурс арқылы айналымға енгізілуде. Мәселен, соңғы 3 жылда ауыл шаруашылық мақсатындағы 53 конкурс ұйымдастырылған. Нәтижесінде 309 мың га жер учаскелері жалға берілді, ал биылғы жылы 73,8 мың га жер айналымға қосылып отыр.

Айта кетейік, өңірде ауыл шаруашылығы бағытындағы 6815,7 мың га жерлер болса, оның ішінде 911,4 мың га егістік жер, 5635,8 мың га жайылымдық, 84,5 мың га шабындық, ал көп жылдық екпелер (баулар) 29 мың гектарды құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу