ОҚО-да әлеуметтік базарлар ашылады

1030

ОҚО-да әлеуметтік базарлар ашылады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін ОҚО-да әлеуметтік базарлар ашылатын болды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және тауар өндірушілер мен диқандарға өз өнімдерін саудалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік базар ашуды аудан, қала әкімдеріне тапсырды.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында өңірде бір ай көлемінде әлеуметтік базарлар ашуымыз қажет. Ол үшін Шымкенттен 1-1,5 гектар жер қаралып, талапқа сай жасақталуын, ал ірі аудандар 70 соттық, кіші аудандар 50 соттық жер бөліп аз уақыттың ішінде тауар өндірушілерге өз өнімдерін сатуға мүмкіндік жасалу керек",- деді әкім.

Сонымен қатар, аймақ басшысы әлеуметтік  базарларда өнімдер ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне бәсекелесетіндіктен  және  тауар өндірушілермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы өнім бағасын төмендетуге мүмкіндік туатынын атап өтті.

Мәжілісте сөз алған облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Жұмашбеков жалпы обыста әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағаларының күрт өсімі орын алмағанын және тауарларға жетіспеушік байқалмайтынын мәлім етті.

Оның айтуынша, бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс аумағындағы сауда орындарының басшыларымен бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде меморандумға қол қойылған. Сонымен қатар, ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесін өткізу арқылы баға тұрақтылығы сақталуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу