ОҚО-да Ауғанстанның 32 азаматы ұсталды

858

ОҚО-да Ауғанстанның 32 азаматы ұсталды

ОҚО-дағы Сәмбет Саттаров атындағы елді-мекенде Ауғанстанның 30-дан аса азаматы дәрілік шөпті заңсыз жинап жүрген жерінен ұсталды, деп хабарлайды Сарыағаш шекара отрядының баспасөз қызметі. 

"Ауғанстанның 32 азаматы ұсталды. Олар сасыр дәрілік шөбін заңсыз жинаумен айналысқан. Ұсталғандардың сөзінше, бір адам күніне 5 килограмға дейін өсімдік жинаған. Шөпті ары қарай Қытайға жіберуді көздеген", - дейді баспасөзден.

Тұтқындардың айтуынша, аталған шөп Қытайда жақсы бағаланады. Олар бұл өсімдіктің тоннасына 20  мың доллар төлеуге әзір екен. Ұсталғандар бір айда бір тоннаға жақын сасыр жинап үлгеріпті.

Қазіргі кезде, олардың Қазақстан аумағына қалай келгені анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу