ОҚО-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі 30 мың гектарға ұлғайды

1545

ОҚО-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі 30 мың гектарға  ұлғайды

Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы жер қоры 11725,8 мың гектарды құрайды. Оның ішінде өңірдегі ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер  6 680,2 мың гектар көлемінде. Сондай-ақ, егістік жер - 939,6  мың гектар, жайылымдық жер - 5626,4 мың гектарды аумақты алып жатыр. 2017 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлер 2016 жылмен салыстырғанда 30 мың гектарға артқан. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жер қатынастары басқармасының басшысы  Созақбай Әбдіқұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы жерлерін нысаналы мақсатына сай пайдаланылуына жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде жалпы 248,8 мың гектар жер пайдаланылмай жатқандығы анықталған.

"Есептік мерзімде аталған жерлерден 76,4 мың гектар жер  мемлекет меншігіне қайтарылса 83,2 мың гектар жер түсіндіру шараларынан кейін қайта игеріле бастады.  Яғни 159,6 мың гектар  ауыл шаруашылығы жерлері қайтадан пайдалануға қосылды. Жер қатынастары басқармасы және жер кадастры мекемесінің өкілдері тиісті аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп Сырдария, Арыс өзендері мен Бөген су қоймасы және Көксарай су реттегіші маңындағы жерлерді игеру мәселесі бойынша жерлердің басына барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аудан, қалалар бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы 62502 гектар жерлерді суармалы егістік жерге ұлғайтуға мүмкіндік бар екені анықталды", - деді Созақбай Исаұлы.

Айта кетерлігі,  2017 жылы облыстық жер комиссиясының шешімі бойынша 95 жоба мақұлданып, 90 кәсіпкерлік субъектісіне 1982,3 гектар жер телімі пайдалануға берілген.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстағы жер қатынастары саласындағы ең өзекті 8 көрсеткішті электронды базаға енгізіп, облыс әкімдігіндегі ахуалдық орталықпен ықпалдастыру қарастырылып отыр. Сондай-ақ, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтің 7 түрі бойынша стандарттар  бекітіліп, 2017 жылы аудан, қала әкімдіктері тарапынан жалпы 1190 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу