ОҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің мерекелік жәрмеңкесі өтті

979

ОҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің мерекелік жәрмеңкесі өтті

ОҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің мерекелік жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңке жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік маңызды тауарлар мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылды. Шымкент қаласының Әл-Фараби алаңының аумағында өткен тауар өндірушілердің жәрмеңкесінде өнімдер 20-30 пайызға арзан саудаланды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері саудаланып жатқан жәрмеңкеге облыс әкімі Жансейіт Түймебав арнайы қатысып, тұрғындар мен шаруаларды жаңа жылмен құттықтады.

"2017 жыл өңірдегі ауыл шаруашылығы үшін табысты жыл болды. Биыл облыс бойынша 1,3 млн тонна бақша дақылдары, 963 мың тонна көкөніс, 293 мың тонна картоп, 116 мың тонна жеміс пен 77 мың тонна жүзім жиналды. Қамбаға 397 мың тоннаға жуық астық құйылды. Мал шаруашлығында да өсім байқалып, ет және сүт өндіру көрсеткіштері артты. Нәтижесінде ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 497,8 млрд тг құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,7 млрд тг артты" - деді әкім.

Жәрмеңкеде аудан қалалардан жиналған шаруалар 230 тоннадан астам табиғи таза өнімдерді қала тұрғындарына нарықтағыдан төмен бағада ұсынды. Мұнда 50-ден астам азық-түлік тауарлары қойылды. Оның ішінде ет, сүт өнімдері, балық, шұжық, көкөністер мен жеміс-жидектер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу