ОҚО-да Бахрейн капиталына құс фабрикасы салынады

1128

 ОҚО-да Бахрейн капиталына құс фабрикасы салынады

Оңтүстік Қазақстан облысында жылына 30 мың тонна балапан етін өндіретін ірі құс фабрикасы салынбақ. Жобаның құны 94 млн АҚШ доллары, деді ҚР-ның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Батыр Батыршаев ҚР сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында. Бұл туралы strategy2050.kz хабарлайды.

 "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы 24-25 қазандағы Сауд Арабиясына ресми сапары аясында 61 млрд теңге сомасына келісімшарттарға қол қойылған болатын. Оңтүстік Қазақстан облысында жылына 30 мың тонна балапан етін өндіретін ірі құс фабрикасы салынбақ. Жоба құны 94 млн доллар. Жобаның іске асырылуы тікелей кәсіпорында 800-ге жуық жұмыс орнымен және қызметтерді көрсететін мамандар үшін тағы 1000 орынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп хабарлады Б. Батыршаев.

Сонымен бірге, құны 40 млн долларды құрайтын сирекжер металдарын өндіру жобасын іске асыру туралы келісімшарт, 50 млн долларға тау-кен өнеркәсібі саласында келісім жасалды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы тау-кен жобаларына ауқымды ену үшін сауд компанияларының консорциумы құрылуда.

"Қазақстанда мұнай-химиялық кластерін дамытуға тарту мақсатында, сауд арабиялық "САБИК" мұнай-химия алыбымен күрделі сұхбат басталды. Сауд Арабиясының AQWA POWER, Saudi Electricity сияқты ірі энергетикалық компанияларымен жұмысқа баса назар аударылуда. Қазақстан-сауд инвестициялық қорын құру туралы келісушілікке қол жеткізілді", – деп ақпараттандырды Б. Батыршаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу