ОҚО-да бес жүзден астам бала ҰБТ-дан 100 балдан жоғары жинады

1145

ОҚО-да бес жүзден астам бала ҰБТ-дан 100 балдан жоғары жинады

20 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысында ұлттық бірыңғай тестілеуден 4 266 бітіруші тест тапсырып, облыстың орташа көрсеткіші - 72,3 балды көрсетті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы кеше 514 бала 100 балдан жоғары жинаса, ең жоғары 137 балды Шымкент қаласы, "Болашақ" мектебінің оқушысы Исатай Біржан жинады. Ал, 136 балды Шымкент қаласы №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Жолдасбекова Айгерім Дастанбекқызы жинап отыр.

Бірінші күнгі сынақтың қорытындысымен облыстың орта балы - 72,3 балды құрады. Атап айтқанда: Шымкент және Сайрам - 75,5, Қазығұрт - 74,3, Түлкібас - 72,7, Созақ - 70,6, Сарыағаш -70,4, Бәйдібек - 70,2, Мақтарал - 67,03 балды көрсетті. Тестілеу кезінде ҰБТ қағидаты талаптарының бұзылуы орын алған жоқ. Айта кетейік, облыс бойынша 2016-2017 оқу жылында 11 сыныпты 32964 оқушы аяқтаса, оның 21668-і жоғары оқу орнына түсу үшін сынақ тапсыруға ниет білдірген. Яғни,78,2 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу