ОҚО-да бір күнде 201 бала өмірге келді

1029

ОҚО-да бір күнде 201 бала өмірге келді

Оңтүстікте 22 наурыз күні 201 бала дүние есігін ашты. Мереке күнінде туған нәрестелердің басым бөлігі – ұл балалар. Оның ішінде бір егіз бар. Ақ халаттылардың айтуынша, биылғы жыл басында жарық дүниеге келген Наурызбай мен Наурызгүлдердің қатары жылдағыдан көбейген, деп хабарлайды otyrar.kz.

Кәмшат Масақбаева – 22 наурыз күні босанған аналардың бірі. Көптен күткен перзентін дәл мереке күні дүниеге әкелуім отбасым үшін үлкен қуанышқа айналды дейді жас ана. Күні кеше ғана дүние есігін ашқан нәрестесіне ол Айжаным деген есім беріпті.

Биыл Наурыз меркесінде дүниеге келген нәрестелердің саны жылдағадан көбейген. Мәселен №2 перинаталдық орталықта 22 наурыз күні 19 ана босанған. Нәрестелі болған аналардың алдыңғы қатары перзентханадан үйлеріне қайтып та жатыр.

"22 наурыз күні бізде 16 ана босанды. Оның ішінде тоғызы – ер бала, жетеуі – қыз бала. Мерекеге қарамастан жұмысты тоқтатпадық. Әйелдердің жалпы жағдайы жақсы. Ешқандай төтенше жағдай болмады”, - дейді акушер-гинеколог Гүлжанат Байзақова.

Айта кетейік, демографиялық өсімі жақсы Оңтүстікте жыл сайын халық саны өсіп келеді. Мәселен, 2016 жылы өңірде жалпы саны 79 195 нәресте дүние есігін ашса, оның 765-сі егіз , бесеуі – үшем.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу