ОҚО-да бір отар қойды ұрлап, сойып сатқан барымташылар ұсталды

791

ОҚО-да бір отар қойды ұрлап, сойып сатқан барымташылар ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда бір отар қойды ұрлағандар ұсталды. Барымташылар қылмысын 8 наурыз күні жасаған, деп хабарлайды inform.kz.

Отырар аудандық ІІБ кезекші бөліміне Маяқұм ауылының  тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреулер келіп, қорасындағы 29 қойын қолды етіпті. Оқиға орнына жеткен полицейлер жәбірленушіге жалпы сомасы жарты миллион теңгеден астам залал келтірілгенін анықтаған.

Жедел іздестіру шаралары кезінде 23 және 25 жастағы жергілікті тұрғындар қолға түсті. Жауап алу барысында қос күдікті де өз кінәларын мойындады. Олар ұрланған малдарды сойып, етін базарларға өткізіп жіберген.

Полицейлер айғақты зат ретінде терілер мен бірнеше келі ет тәркілеген. Қазіргі таңда полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің  "Ұрлық" бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу