ОҚО-да биыл 50 білім ұясы пайдалануға беріледі

1006

ОҚО-да биыл 50 білім ұясы пайдалануға беріледі

Биыл  ОҚО-да 50 білім ұясы ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Оның 15-і "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатса, 5-і республикалық бюджет есебінен бой көтеруде. Ал облыстық бджеттен қаралған 9,5 млрд теңгеге салынып жатқан 30 мектептің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың халық алдында берген есебінде айтылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Жалпы 2017 жылы барлық бюджеттерден бөлінген қаржы есебінен 32 мектеп ел игілігіне тапсырылды. 2017 жылы облыстағы білім беру саласына Ұлттық қордан 29,8 млрд теңге бөлініп, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 35 білім беру нысындарының құрылысы жүргізілген еді.

Бұдан бөлек, бүгінде республикалық бюджеттен қаралған 4,2 млрд теңгеге 4 мектеп пен 1 мектеп-интернаттың құрылысы жүргізіліуде. Аталған нысандар жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын болады.

Сондай-ақ,  2017 жылы облыстық бюджеттен қаралған 9,5 млрд теңгеге 39 мектеп пен 3 колледждің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 12 мектеп пайдалануға берілсе, қалған 30 нысанның құрылысы 2018 жылы аяқталады деп күтілуде.

Бүгінде ОҚО-да 50 білім нысанының құрылысы қарқын алған. Егер құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілсе, барлық нысан жыл соңына дейін тапсырылады.

Бұдан бөлек, құрылыс басқармасы 2018 жылы білім ұяларының құрылысын салуға республикалық бюджеттен қосымша қаржы қарастыруға ұсыныс жолдаған. Егер ұсыныс қабылданып жатса, тұрғызатын  білім ұяларының қатары артады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу