ОҚО-да биыл 67 медициналық бекет салынады

773

ОҚО-да биыл 67 медициналық бекет салынады

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 67 медициналық бекет салынатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті, деп хабарлайды shymkala.kz.

Егер аталған жоба іске асса, облыстағы медициналық тіректердің қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі. Басқарма басшысының айтуынша, былтыр өңірде 33 денсаулық сақтау нысаны салынған. 2018 жылы тағы да 9 медициналық, оның ішінде 6 емхана мен 1 ауылдық емхана және 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланған. 

Бұдан бөлек, биыл мемлекеттік - жекешелік әріптестік аясында Шымкент қаласында 3 емхана құрылысы басталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу