ОҚО-да биыл 87 елдімекеннің электр жүйесі жаңғыртылды

954

ОҚО-да биыл 87 елдімекеннің электр жүйесі жаңғыртылды

Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жаңартылатын  -  күн, жел, су энергиясын пайдаланатын жобалар кезең-кезеңімен іске асырыла бастады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпарат көзі таратқан деректерге қарағанда, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен биыл Сайрам және Қазығұрт аудандарында екі шағын су электр станциясы мен Шымкент қаласында Орталық Азияда теңдесі жоқ биогаз қондырғылар кешені іске қосылды. Сондай-ақ, Сарыағаш және Мақтарал аудандарында екі ірі күн электр станциясының құрылыс жұмыстары бастау алды.

2017 жылы республикалық, облыстық бюджеттерден 13,9 млрд. теңге бөлініп, 59 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде "Нұрлы жер" бағдарламасымен Сарыағаш ауданындағы 15 жобаға Ұлттық қордан 2 320,3 млн. теңге бөлінген.  Биылдың өзінде облыс бойынша  87 елді мекендегі  47 нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Нәтижесінде 87 мың 100  тұрғын мен әлеуметтік, шағын бизнес нысандары тұрақты, сапалы электр энергияға қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу