ОҚО-да биыл ата-ана қамқорлығынсыз қалған 90 балаға үй беріледі

901

ОҚО-да биыл ата-ана қамқорлығынсыз қалған 90 балаға үй беріледі

ОҚО-да 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Әрқашан күн сөнбесін" атты іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Мерекелік жиында балалар үйінде тәрбиленіп жатқан 350-ге жуық жеткіншекке сый-сияпат жасалды. Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтады.

"Елбасымыз өз сөзінде ұрпақ болашағына аса мән беріп, "Елімізде туылған әрбір баланы мемлекет өз қамқорлығына алуға тиіс" деген болатын. Міне, осы бағытта облыста мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары 142 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға үй берілді. 2018 жылы 90 бала үйлі болады. Сондай-ақ, жыл сайын балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жоғарғы оқу орындарына облыс әкімінің білім гранттары бөлінуде. Мәселен, өткен жылы 95 грант бөлінсе, биыл 100 грант бөлінеді. Білімді болыңдар! Сендердің еліміздің беделді азаматы болатындарыңа кәміл сенемін", – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу