ОҚО-да былтыр 300 млн жұмыртқа өндірілген

953

ОҚО-да былтыр 300 млн жұмыртқа өндірілген

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда ірі және шағын 35 құс фермасы болса, онда  2 млн 638 мың құс басы бар. Олардан өткен  жылы 300 млн жұмыртқа, 12,1 мың тонна құс еті алынған. Қазір нарықта жоғары сұранысқа ие өнімдер – құс етінің халықты қамтамасыз ету деңгейі 73,7 пайызға, ал жұмыртқамен қамту 75 пайызға жетіп отыр

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, құс еті мен жұмыртқа импортын азайтып, облыс халқын отандық өніммен толық қамтамасыз ету мақсатында облыстың аудан, қалаларынан 2020 жылға дейін орта, шағын 78 құс фабрикаларын ашу жоспарланған.

Облыста құс шаруашылығының дамуына 2016 жылы мемлекет тарапынан жалпы 2 млрд. 29 млн 246 мың теңге көлемінде субсидия берілді. Оның  1 млрд 471 млн 440 мың теңгесі күрке тауық етіне, 132 млн 499 мың теңгесі бройлер етін өндіріп, көбейту шаруашылығына берілген. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі дамыту мақсатында 2017жылы да шаруаларға 2 млрд 30 млн теңгеге жуық субсидия бөлінетін болады.

Өңірдегі құс фермаларының бірқатарына тоқталсақ. Ірі құс фермасының бірі "Ордабасы құс" ЖШС болса, мұнда 648 276 бас күрке тауық  өсіріледі. Ал "Инфрастрой ЛТД" ЖШС-інде етті бағыттағы 250 мың бройлер тауығы болса, "Шымкент құс" ЖШС-гі жұмыртқа өндіру бағытындағы 646 900 бас құсты бағуда. Осы сынды 35 құс фермасы сәтті жұмыс жүргізіп, халықты сапалы өніммен қамтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу