ОҚО-да дәнді дақыл жинау науқаны аяқталды

1201

ОҚО-да  дәнді дақыл жинау науқаны аяқталды

Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды.Облыс бойынша 258,8 мың  гектар жерге егілген  дәнді дақылдан шаруалар 589 мың тонна өнім алған, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттің қолдауы мен шаруалардың еселі еңбегінің арқасында биыл қамбаға 400 мың тоннаға жуық астық құйылды. Оның ішінде 345 мың тоннасы бидай болса, арпа 52 мың тонна. Одан өзге биыл дәндік жүгеріден гектарына 47,6 центнерден өнім алынып,  178 мың тонна жүгері жиналды.

Сырдария өзенінің сағасында орналасқан Мақтарал мен Шардара аудандарының дихандары 2,2 мың га жерге күріш егіп, одан гектарына 64,5 центнерден өнім алып, 14 мың тоннаға жуық күріш жинады. Осылайша биыл облыс бойынша дәнді дақылдың көлемі  589 мың тоннаны еңсерді.

Жалпы күнгейлік шаруалар биыл гектарына орташа есппен 18,4 центнерден өнім жинады. Мақтарал мен Шардара, Түркістанда гектарына 30 центнерден өнім алып,  үздік нәтижеге қол жеткізді.

Егін шаруашылығын қолдау үшін шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау күшейтілген. Жыл басынан бері тұқым шаруашылығын қолдау үшін 500 млн минералды тыңайтқыштарға 3 млрд ал гербицитер мен биогенттерге  276 млн теңге көлемінде субсидия  үлестірілген. Мемлекеттің мұндай қолдауына 10 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу