ОҚО-да еңбек өтілі 475 жыл теміржолшы династиясы тұрады

911

ОҚО-да еңбек өтілі 475 жыл теміржолшы династиясы тұрады

Арыс қаласында теміржол саласында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, еңбек етіп келе жатқан Жаңабаевтар әулеті тұрады. Өткен жылы "Үздік еңбек әулеті" номинациясын жеңіп алған арыстық отбасыдағы 17 теміржолшының саладағы жалпы еңбек өтілі 475 жыл.

Теміржол кәсібін бірінші бастаған әулеттің отағасы Күшікбаев Тазабек Жаңабайұлы ҰОС кезінде тылда еңбек етіп, одан соң Арыстағы Теміржол су мекемесінде 36 жыл жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Сол жылдар ішінде ол іргелес жатқан Талдықұдық, Қабылсай, Шағыр станциялары мен разъездеріндегі халықты сумен қамтыған.

Бүгінде 85 жасқа толған Жаңабай ақсақал өмірлік серігі Райхан анамен 63 жыл бірге тату-тәтті өмір сүріп, 7 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан 22 немере, 18 шөбере сүйіп, бүгінде Райхан апамыз Кеңес Одағы кезінде "Батыр ана", Тәуелсіз еліміз берген "Алтын алқа" иегері атанып, құрметке бөленіп отыр.

Арыс қаласы маңындағы бұрынғы Қабылсай бекетінде тұратын Жаңабай қария бастаған теміржолшы мамандығына отбасыдан 17 адам қосылып, бүгінде 14-і жұмыс істеп келеді. Яғни, 7 ұлы мен екі келіні және 5 немересі ата кәсіпті меңгерген.

Жаңабаевтар әулетінің ұзақ жылдар бойы теміржол саласында сіңірген еңбегі, жеткен жетістігі мен қабілетін, базалық дайындығын ескере отырып, қоғамда еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру мақсатында облыс әкімінің "Үздік еңбек династиясы" номинациясы берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу