Терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының 11 тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Олар "Whatsapp", "Telegram" мессенджерлерінде және интернет әлеуметтік желілерінде "ДАИШ" және басқа да халықаралық террористік ұйымдардың экстремистік идеологиясын насихаттайтын материалдарды жүйелі түрде таратқан.
Экстремистік материалдар жалпы саны 400-ден астам қатысушысы бар 24 желілік қоғамдастыққа орналастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу