ОҚО-да интенсивті бау 8 мың гектарға ұлғайтылады

884

ОҚО-да интенсивті бау 8 мың гектарға ұлғайтылады

Аграрлы аймақ болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысының егіс көлемі осы жылы 72,4 мың гектарға ұлғайтылып, 861 мың га жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, өңірде интенсивті бау, жылыжай, жаңғақ шаруашылықтарын дамыту жұмыстары да белсенді түрде жүргізілетін болады. Мәселен, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам аудандарында қарқынды алма мен жаңғақ бауларын, ал Шымкент қаласы мен Сарыағаш ауданында жылыжай кешені агроаймақтарын қосу  көзделуде.

Дәстүрлі баулардан орташа гектарына 5-10 тонна өнім алынса, интенсивті баулардан 50-60 тонна өнім жинауға мүмкіндік бар. Осыны ескерген диқандар жаңа технология бойынша бауларды көбейтуді көздер отыр. 

Яғни, осы жылы интенсивті баулардың көлемі 8 мың га ұлғайса, жаңғақ көшеттері 2,5 мың га егілетін болады. Ал, жылыжайлар қосымша 1 177 га салынып, 2 300 га жетеді.  Сонымен бірге тамшылатып суғару әдісі 44 мың га енгізіледі. Осы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,4 есеге артып, 624 млрд. теңгеге, экспорттың үлесі  22 пайыздан,  35%-ға көтеріледі деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу