ОҚО-да инвестиция көлемі 21,8 пайызға артты

873

ОҚО-да инвестиция көлемі 21,8 пайызға артты

ОҚО-да өнеркәсіп өнімінің көлемі 510,1 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға артқан. Ал, өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 353,0 млрд теңгені құрап, 2,4 пайызға өсіп отыр. Жылдың қорытындысымен кен өндіру өнеркәсібі өнімінің көлемі 200 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биыл облысқа 266,0 млрд теңге инвестиция бағытталып, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,8 пайызға артқан. Ал, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 257,4 млрд теңгені құраса, мал шаруашылығында мал басының саны орташа есеппен 5,5 пайызға көбейген. Сондай-ақ, ет өндірісі – 5,1, сүт - 2,0, жұмыртқа – 9,1 пайызға өскен.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу