ОҚО-да қариялар қанатты сөз айтып, бата беруден жарысты, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Батагөй қариялар "Бата беру", "Өнер байқауы", "Мақал-мәтел", "Өнегелі-өсиет сөздер айту" кезеңдері бойынша сынға түсті.
"Қазыналы қария" сайысына ауыл округтерінен 55-60 жастан асқан ақсақалдар мен ел ағалары қатысып, қазылар алқасының қортындысы бойынша I-орынды Ақдала ауыл округінен келген Балғынбай Пердебек, II-орынды ардагерлер ұйымынан Самархан Байдәулетов пен Жаңабай Еркеев , III-орынды Дермене ауыл округінен қатысқан Мұрат Нұртанов пен Арыс қаласынан Тыныштық Карбозов иеленді. Жеңімпаз қарияларға бағалы сыйлықтар табысталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу