ОҚО-да Қазақстан-Түркия инвестициялық форумында отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті

891

ОҚО-да Қазақстан-Түркия инвестициялық форумында отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті

Бүгін Шымкентте өтіп жатқан "Қазақстан-Түркия инвестициялық форумының" екінші күні аясында 50-ден астам отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті.

Потенциалды түрік кәсіпкерлеріне өңірдің инвестициялық ахуалы мен өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімдерін таныстыруды, сол арқылы өзара тиімді серіктестікті орнатып, нығайтуға мүмкіндік жасауды мақсат тұтқан көрмеде отандық компаниялардың тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, медициналық жабдықтар өндірісі, құрылыс материалдарын өндіру (резина мен пластикалық өнімдері, керамика және т.б.), машина жасау, жиһаз, жеңіл өнеркәсіп (кілем, арнайы киім, балалар мектептік форма, үйге арналған тоқыма бұйымдары, ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған киімдер, шұлық бұйымдар мен аяқ-киім) салаларындағы өнімдер ұсынылды. Айта кету керек, мұнда қойылған өнімдердің басым бөлігі Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде іске қосылған кәсіпорындарында өндіріледі.

Ал ұсынылған 20-дан астам инвестициялық жобалар логистика және көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, энергетика, мәдениет және туризм салаларына қатысты болды. 

Түс ауа, үш күндік форум аясында түрік кәсіпкерлерімен В2В кездесулері ұйымдастырылады деп күтуде. Онда Түркия мен Қазақстан тараптары маңызды мәселелерді көтеріп, бірқатар жобалар бойынша пікір алмасатын болады. 11 сектордан тұратын В2В кездесулерде азық-түлік, тоқыма, химия өнеркәсібі, медицина және фармацевтика, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм, логистика, құрылыс индустриясы, машина жасау және металлургия салалары мен туризм саласының жетекшілері нақты жобалар аясында келісімдер келеді деген жоспар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу