ОҚО-да қоғамдык көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

876

ОҚО-да қоғамдык көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

ОҚО-да 22 қаңтарда басталған "Автобус" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында жол-көлік ережесін бұзған 1,5 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Автобус" жедел профилактикалық іс-шарасы басталғалы бері жол-жүру ережесін бұзған қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 1695 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде қоршаған ортаны бұзу бойынша - 36 жайт. Ұялы байланыс құралдарын пайдаланған 403 жүргізуші, бұрылу ережесін бұзған - 126 жүргізуші, жылдамдықты асырған - 52 және жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 48 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, "Автобус" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында техникалық байқаудан өтпеген 155 жайт, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаған 22 жайт, көлік құралын азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тіркемеген 59 жүргізуші және жолаушылар мен багажды тұрақты емес автокөлікпен тасымалдауға келісімшарты болмаған 13, жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан 29 жүргізуші анықталды. Тәртіп сақшылары жол-көлік ережесін бұзған 4 автокөлікті айып тұрағына жеткізді.

Одан бөлек, автобус парктерінің екі лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тасымалдау және сертификаттарды тоқтату туралы 5 келісімшарт бұзылды.
"Автобус" жедел профилактикалық іс-шарасына ОҚО ІІД ЖПҚ-нің және басқа да құрылымдардан мыңға жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Ағымдағы жылдың 18 ақпанына дейін созылады. Тәртіп сақшылары рейдтік, профилактикалық іс-шара кезінде күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу