ОҚО-да қуаңшылық болуы мүмкін

1359

ОҚО-да қуаңшылық болуы мүмкін

Еліміздің өзге өңірлерінде су тасып халықты әбігерге салып жатқанда күнгейге қуаңшылық қаупі төніп тұр дейді мамандар. "Қазгидромет" мекемесінің болжамы бойынша таулы аймаққа түскен жауын-шашын мен қардың қоры шамадан 40-50 пайызға төмен болыпты. Ал "Қазсушар" өкілдері маусымдық кезеңде шаруаларды сумен қамтудың жолын іздестіруде, деп жазады otyrar.kz.

Жобалық көлеміне сай 60 млн текше метр су жинайтын қала іргесіндегі бадам су қоймасының бүгінде 87 пайызы толған. 1,5 мың гектар суармалы жер осы көзден суарылуға тиіс. Онымен қоса кей шәуілдірлік шаруалар Бадам су қоймасынан ағын суын ажыратып келген. Алайда, мамандар биыл қажетті су көлемін жинау үшін бір тамшы суды ысырап қылмай барын салып жатыр.

Облыс аумағында 43 су қоймасы бар. Сыр бойындағы Шардара су қоймасының жобалық көлемі 5,2 млрд текше метр. Бүгінде келіп жатқан су секундына 406 миллион текше метрді құрайды дейді мамандар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 296 млн текше метрге аз. Өзге су тараптарында да ахуал жылдағыдай емес дейді жауаптылар.

Мамандардың сөзіне қарағанда маусымда ауылшаруашылығы дақылдарын суару үшін су қоймаларға орташа есеппен 63 пайызға жуық су жиналған. Көктем, жаз айларында құрғақшылық болатынын өткен жылдың қарашасында болжап қойған мамандар дихандарды құлағдар еттік дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу