ОҚО-да күн электр стансасының іргетасы қаланды

1210

ОҚО-да күн электр стансасының іргетасы қаланды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін стансаның құрылысы басталды, деп хабарлайды  ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Сағатына 20 мВТ тоқ шығаратын заманауи нысанның іргетасы Жылға ауылдық округінде қаланып отыр. Құрылыстың салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев, аудандық мәслихат хатшысы Жәнібек Сүлейменов, "EcoProTech-Astana" ЖШС директоры Назиржон Темиров және Жылға ауылының бір топ тұрғыны қатысты.

Жалпы құны 14 млрд теңгені құрайтын жобаны іске асыруды  "EcoProTech-Astana" ЖШС қолға алып отыр. Құрылыс жұмыстарының аумағы - 41 гектар.

Айта кетейік,  "EcoProTech-Astana" ЖШС құрылтайшысы – германиялық "Day Energy GmbH" компаниясы. Аталған мекеме энергияны жаңарту саласындағы жобаларды дамыту мен фотовольттық панельді және су энергиясын өндіруге негізделген.

Күн сәулесінен өндірілген электр энергиясын теміржол саласына қолдану жобасы әлемде алғаш рет қолға алынып отыр. Қазіргі таңда "EcoProTech-Astana" ЖШС мемлекеттік сараптама қортындысын алып, жобаны қаржыландыру үшін банкпен келісімшарт жасасып жатыр. Сондай-ақ олар жобаға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп беретін компаниялармен келісім жасасып, алғашқы қаржыны аударып та қойған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу