ОҚО-да мамыр айының соңына дейін 75 трактор құрастырылады

636

ОҚО-да мамыр айының соңына дейін 75 трактор құрастырылады

2018 жылдың 25 ақпан және 2 наурыз аралығында оңтүстік кореялық серіктестердің шақыруымен "ОҢТҮСТІК" АИО өкілдері Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барып қайтты, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Бірінші кездесу әлемдегі ең үздік кореялық машиналар мен техникалар шығарылатын Hyundai Corporation халықаралық компаниясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында "ОҢТҮСТІК" АИО, "Kaz Kioti" ЖШС, Daedong Industrial Company LTD және Hyundai Corporation өкілдері тракторлар мен басқа да жабдықтарды өндіру бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Айта кету керек, біздің елде тозған тракторлар 85 пайызды құрайды. Талқылау барысында осы жылдың мамыр айының соңына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында 75 трактор жинау туралы келісімге қол жеткізілді.

Айта кетсек, "Kaz Kioti" ЖШС Қазақстандағы трактор шығаратын алғашқы зауыт болып табылады. Жобаның серіктестерінің бірі — KIOTI бренді бар Daedong Industrial Co LTD кореялық компаниясы. Бұл зауытта Kioti өндіріс циклы жоғары автоматтандырылған, мұнда жылына 30 000 трактор қалыпты жүктемеде жалпы 300 қызметкермен шығарылады. Ал, "Kaz Kioti" ЖШС "ОҢТҮСТІК" АИО қаржыландырған жобалардың бірі болғандықтан, компания өндіріс орнының әрі қарай дамуына жан-жақты қолдау көрсетуде.

Кореялық бизнесмендер Оңтүстік Қазақстан облысына инвестиция салу ниетін білдіріп, 60 млн АҚШ доллары көлемінде технология алып келетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу