Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттағы бос орындарға сайлау өтті. Сайлауды әзірлеу және өткізу барысында комиссиясының атына ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Бұл туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Комиссия төрағасының айтуынша, бос орындарға депутат сайлау үшін облыс бойынша 10 сайлау округі жұмыс істеп, 91974 адам дауыс берген. Жалпы депутаттыққа 42 адам өтініш білдірген. Олардың 38-і тіркеліп, оның 20-сы декларациялық айырмашылық пен жеке арыздары бойынша сайлауға қатыстырылмаған. Қалған 18 үміткердің ішінде 4 адам облыстық, 2 үміткер қалалық, 1 адам аудандық мәслихатқа сайланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу