ОҚО-да медициналық құралдар шығаратын зауыт ашылды

951

ОҚО-да медициналық құралдар шығаратын зауыт ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Тассай" индустриялды аймағында "Marai E7 Group" зауыты іске қосылды. ТМД елдері бойынша баламасы жоқ өндіріс орнының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты, – деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Кәсіпорында оңтүстік кореялық технология пайдаланылады. Жоба бойынша зауыттан 17 түрлі полиуретандық медициналық бұйымдар шығарылады. Аталған өнім түрлері әртүрлі сынық-жарақатта қолданылады.

Сондай-ақ олар жеңілділігімен, эластикалық, иілгіштігімен, рентген өткізгіштікпен ерекшеленіп, 20 минутқа дейін қатады. "Өндіріс орнының ел нарығын толықтай қамтамасыз етуге қауқары бар. Жалпы құны 393 млн теңгені құрайтын кәсіпорында 50 жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отыр.

Қазірдің өзінде "Marai E7 Group" зауытының дайын өніміне сұраныс жоғары болуда", – деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

Ағымдағы жылы "СК-Фармация" ЖШС-мен 10 жылға ұзақ мерзімді келісімге қол қойылды. Сонымен қатар  кәсіпорын өз өнімдерін Түркия, Өзбекстан және Қызғызстан елдеріне экспорттау бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу