ОҚО-да мектеп бітірушілердің 71 пайызы ҰБТ тапсырады

683

ОҚО-да мектеп бітірушілердің 71 пайызы ҰБТ тапсырады

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 23760 оқушы ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ергашова мәлім етті.

Оның айтуынша, ҰБТ облыста 16 жерде өткізіледі. Олардың төртеуі жоғары оқу орындарының базасында, үшеуі аудан орталықтарындағы колледждерде, тоғызы жалпы орта мектептердің базасында орналасқан. Әрбір ҰБТ өткізу пунктінде 11-ден 14-ке дейін аудитория даярланып, олар ұялы телефон сигналдарын тұншықтырғыш 237 құрылғымен жабдықталып отыр.

"Биыл министрліктің тапсырмасымен 91 жаңа үлгідегі 4G жиіліктегі тұншықтырғыш алуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, сатып алу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тестілеу пунктерінде 26 рамалы металл іздегіш, 226 салқындатқыш, тестілеу кезінде бейнежазба жүргізу мақсатында 42 бейне тіркегіш орналастырылды", – дейді спикер.

Қазір 33112 бітірушінің 23760-ы яғни 71,8 пайызы ҰБТ тапсырады деп күтіліп отыр. ҰБТ-ға өтініш 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады.

ҰБТ тапсыруға ниет білдірген мектеп бітіруші ҰБТ-ның жаңа форматына дайындалу мақсатында алдын-ала байқау тестіне қатыстырылады. Наурыз айында алынған байқау тесттерінің орта балы – 75,2 балл.

Сондай-ақ ҰБТ тапсыратын 23760 бітірушінің 13585-і тасымалдауды, 12443-і тамақтануды, 1825 оқушы жатын орынды қажет етеді. Бүгінгі таңда жергілікті бюджеттен бітірушілерді тестілеу үшін қажетті қаражат бөлініп, ұйымдастыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Облысымыздағы 1429 түлек "Алтын белгіге", 852 бітіруші үздік аттестатқа, 9-сыныпты бітірушілердің 3568-і үздік куәлікке үмітті.

Бұдан бөлек, биыл "Алтын белгі" иегерлері мектептегі мемлекеттік бітіру емтиханының қорытындысымен мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу