ОҚО өндіріс орындарында 20 мыңға жуық жас еңбек етеді

1011

ОҚО өндіріс орындарында 20 мыңға жуық жас еңбек етеді

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде 800 мыңға жуық жас бар. Ол облыс халқының жалпы санынан 26 пайызын құрайды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Осы жастардың 20 мыңға жуығы Оңтүстік өңіріндегі 306 өндіріс орындарында еңбек етуде. Мәселен, "Әлем БТ" шұлық шығаратын фабрикадағы ұжымның 90 пайызға жуығы жастардан құрылған. Ал "Кентау трансформатор зауыты" АҚ, "ҚазТрансОйл" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Бал текстил" ЖШС, "Стандарт цемент" ЖШС, "Химфарм" АҚ, "Атамекен" корпорациясы" ЖШС-дегі  жұмысшылардың 50 пайыздан астамы жастар.

Бұл "Бәсекеге қабілетті – жастар" атты облыстық жұмысшы жастар форумында жұмысшы мамандықтары мен техникалық мамандықтарын насихаттау барысында мәлім болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу