ОҚО-да Орта Азиядағы алғашқы биогаз қондырғылар кешені іске қосылды

1281

ОҚО-да Орта Азиядағы алғашқы биогаз қондырғылар кешені іске қосылды

Бүгін Шымкент қаласында қуаты 0,5 мегаватты құрайтын Орта Азиядағы алғашқы биогаз қондырғылар кешені іске қосылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл жоба ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылғанынболатын.
Қондырғылар кешенінде халықаралық көрмесінде ұсынылған Чехиялық "HEDVIGA GROUP" компаниясының жаңа технологиялары қолданылды. Технологияның ерекшелігі қаланың сарқынды суларды тазалау ғимаратынан шыққан шөгінділерді өңдеп, одан биогаз алады. Одан жылу мен электр энергиясы өндіріледі. Нәтижесінде бұл технология сыртқы ортаның ластануын едәуір төмендетіп экологияны жақсартуға үлкен үлес қосады. 
Жобаның құны - 2 млрд 200 млн теңге. Технологиялық процеске сәйкес қондырғы қалдықтарды өңдеу арқылы тәулігіне 300 м3 метанды газды (биогаз) өндіреді. 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Сонымен қатар, өндірілген энергия кәсіпорынның жылу энергиясына қажеттілігін толығымен, ал электр энергиясына қажеттілігінің 50 пайызын жабатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу