ОҚО-да сотталушы рақымшылықтан бас тартты

910

ОҚО-да сотталушы рақымшылықтан бас тартты

Оңтүстікте рақымшылық заңынан бас тартқан сотталушы бар. Бұл туралы бүгін облыстық прокуратурада өткен рақымшылық заңының қолданылу мәселелері талқыланған дөңгелек үстелде мәлім болды. Рақымшылықтан бас тартқан азамат бұл әрекетін жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырудың мерзімі келгенімен түсіндірген, деп хабарлады otyrar.kz.

Жалпы, құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша, облыста 90 қылмысты іс бойынша 113 тұлға рақымшылық заңына ілініп отыр. Бүгінге дейін облыс соттары 25 қылмысты іспен 42 сотталушыны қылмысты жауапкершіліктен босату туралы үкімін шығарып үлгерген. Ал сотталғандардың бірі өзіне қатысты кешірім жасау актісінің қолданылауына қарсы болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу