ОҚО-да төрт басқарма қайта құрылады

725

ОҚО-да төрт басқарма қайта құрылады

Оңтүстік Қазақстан облысында басқару схемасын жүйелендіру мақсатында төрт басқарма қайта құрылады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, "Туризм және сыртқы байланыстар", "Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер", "Отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі" және мәдениет пен ана тілді, "Мәдениет және тілдерді дамыту" басқармалары қайта құрылады.

"Облыстың басты табыс көзі ол егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, өндіріс,  құрылыс, сондай-ақ туризм салалары. Яғни, осы туризм саласын ары қарай дамытуымыз керек. Сондықтан да туризм және сыртқы байланыстар басқармасын  кәсіпкерлік басқармасынан шығарып отырмыз. Жалпы, дүниеде көптеген мемлекетте туризм сол елдің экономикасына жақсы кіріс келтіруде. Тек қана Түркия Республикасының  өзінде жылына туризмнен  40 млрд АҚШ доллар кіріс кірген. Ал енді Оңтүстік туристер үшін тарихи ескерткіштер мен киелі  жерлердің отаны десек, осы салада бірлесе жұмыс атқарып, туризмді дамытуды мықтап қолға алуымыз керек",-деді облыс әкімі ОҚО мәслихатының  кезектен тыс он бесінші сессиясында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу