ОҚО-да түркиялық индустриалдық аймақтың өкілдігі ашылды

935

ОҚО-да түркиялық индустриалдық аймақтың өкілдігі ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы мен Түркия Республикасының индустриалды аймақтары бұдан кейін тығыз байланыста жұмыс істеп, бірлескен жобалар аясында ынтымақтастық орнатпақ. Жұмыстардың шұғыл және нәтижелі болуы үшін "Оңтүстік" индустриалды аймағының ғимаратынан Түркия Республикасының "Ostim" индустиралды аймағының өкілдігі ашылды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мұндай шешімге 1-3 ақпан аралығында өңірімізде өтіп жатқан "Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы" аясында қос мемлекеттің салалық жетекшілерінің арасында болған өзара кездесулерде түзілген меморандум аясында қол жеткізілді.

Бұл дегені – "Оңтүстік" индустриалды аймағының жетекшілігі бұдан кейінгі жұмыстарын жүйелеп, жетілдіруде Түркияның даму тәжірибесін пайдаланатын болады. Өйткені, Анкарадағы 5200 кәсіпорынның басын біріктірген "Ostim" индустриалды аймағы 50 жылдан бері дамудың үздік тәжірибесін көрсетіп келеді.

Аталған шетелдік индустриалды аймақтың құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Орхан Айдын бұл жұмыстардың қос мемлекет кәсіпкерлері үшін де тиімді боларына сенім білдіріп, "Оңтүстік" индустриалды аймағының да өкілдігі, яғни, бас кеңсесі Түркияның астанасынан ашылатынын жеткізді.

Ал "Оңтүстік" индустриалды аймақтары басқарушы компаниясының бас директоры Мұхтар Тұрабековтың айтуынша, бірлескен ынтымақтастық жұмыстарының арқасында ортақ брендпен, не болмаса, жеке дара өнім шығарылып, нарыққа шығарылады.

Айта кетейік, облысымызда шағын және орта бизнесті дамыту мен өңірімізге көптеп инвестиция тарту мақсатында ашылған 11 индустриалды аймақ жұмыс істейді. Соның бірі - "Оңтүстік" индустриалды аймағына 84 кәсіпорын кірсе, бүгінде, оның 46-сы жұмысын істеп, 2500-ға жуық тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу