ОҚО-да тұрмысы төмен жандарға арналған қайырымдылық шарасы өтті

1869

ОҚО-да тұрмысы төмен жандарға арналған қайырымдылық шарасы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында халықтың әлеуметтік әлжуаз тобына арналға қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың ауылдарда аз қамтамасыз етілген отбасыларға және мүгедек азаматтарға қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру жөнінде айтылған тапсырмасына сәйкес, аудан əкімі Қайрат Əбдуалиевтің және "Нұр Отан" партиясы Сарыағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Жақсылық етсең адамға, береді Алла сағанда" атты қайрымдылық акциясы өтті.

Акция барысында аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, жетім және анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсетілді. Аталмыш акцияның негізгі мақсаты әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті киім-кешек, азық-түлік алуға әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. Аудандағы қаржылай көмек қолын созған кәсіпкерлер және әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға "Ердəулет " тойханасы ас беріп, дастархан жайды және аудандық мəдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу